BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

«ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ»

Кеше Таразда «Парасатты полицей» байқауының салтанаты ашылу рәсімі өтті. Қатысушылар ең алдымен Ғазиз Байтасов пен Б. Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. АЛ бүгін еліміздің барлық полиция департаменттерінен келген 200-ден астам қызметкер өзара сынға түсті.

«Парасатты полицей» республикалық байқауы Таразда алғаш рет өткізіліп отыр. Аталмыш байқау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 2010 жылы бастау алған.

– Қазақстан Республикасының полиция имиджін қалыптастыру мақсатында өткізіліп отырған бұл байқау мақсатында жетті деп ойлаймын. Байқауды ұйымдастыру арқылы жаңа Қазақстан полициясының қоғам тарапынан білдірілетін сенім деңгейіне заманауи әмбебап полицей шығармашылығы көрсетілген және Абай мұрасын адамгершілікпен құндылықтарды насихаттау назары аударылды. Баршаңызды Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын,-дейді Қанат Сматов, ЖО ПД басшысының орынбасары

Байқау барысында полиция қызметкерлерінен құралған 20 команда екі кезеңнен бойынша бақтарын сынады. Атап айтсақ: таныстыру және Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу. Осы орайда Абайдың қара сөздеріне жақсы дайындықпен келдім дейді Илья Вландин. Сондай ақ биыл 5-ші жыл байқауға қатысып келе жатқаныма деп тілге тиек етті.

– Парасатты полицей байқауына келіп отырмыз. Дайындық өте керемет болды бізде Өскемен қаласында. Тараз қаласына ең бірінші рет келіп отырмын. Тараз қаласы өте ұнады, өте ашық таза қала,-дейді Илья Плындин, ШҚО ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирінің орынбасары

Жеңімпаз команда екі кезең қорытындысы бойынша анықталады. Айта кету керек, өткен жылы Көкшетау қаласында өткен байқауда Жамбыл облыстық ПД “Тараз арландары” командасы бас жүлдені жеңіп алған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *