BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ДАРЫНДЫ ҰРПАҚ – ДАРА ҰЛТ

Қазан айының екінші жексенбісі елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың күні болып бекітілген. Ерекше білім беруді қажет ететін жеткіншектер бүгінде талай жарыста жүлделі орындардан көрініп жүр. Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков дәл осы санаттағы балаларды марқайтып марапаттады.

Ерекше күтім қажет балалар бүгінде түрлі байқауларда бақ сынап жүр. Әртүрлі орындардан көрініп ата-аналарын ғана емес ұстаздарының да еңбегін көрсетуде. «Дара бала» атты бүгінгі салтанатты жиында мүмкіндігі шектеулі дарынды жастарға қала әкімі ізгі тілегін білдіріп, бағалы сыйлақтар табыстады.

– Құрметті балалар сіздердің таланттарыңыз, өнерлеріңіз бүгін бізді таңқалдырды деп айтуға болады. Осы бір апта көлемінде әр түрлі салаларда байқаулар өткіздік. Өнер, спорт спортокиадасын күтіп отырмыз. Жүздеген балаларымыз сол байқауларға қатысып жеңімпаз болып жатыр,-дейді Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі

Әр баланың жан-жақты дамуы үшін ең алдымен ата-ананың ықпалы зор. Сондықтан бұл кеште ата аналарда алғыс хатпен марапатталды. Олардың қатарында Гаухар Аймахановада бар. Ата ана баласының жетістігіне жеткені ұстаздарының арқасы дейді.

– Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Жұмыста табысты болып, еңбектеріңіздің жемісін жеңіздер. Рақмет білімдеріңізге. Балам сіздердің арқаларыңызда көптеген жетістіктерге жетіп, биіктерден көрініп жатырмыз. Сол үшін сіздерге алғысым шексіз,- Гаухар Аймаханова, ата-ана

Ерекше болуына қарамастан зейінді, зерек балаларға мемлекетте қолдаулар көрсетіліп келеді. Шаһар басшысы да дәл осындай дарынды балалардың білім алуы үшін қолайлы жағдай жасалып өтқанын тілге тиек етті. Ал Шара соны мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *