BASTY BETJAŃALYQTARАймақ

МӘМС ЖҮЙЕСІ НЕЛІКТЕН АҚСАП ТҰР?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген еді. Екі жылдан бері халық арасында осы салаға қатысты пікірлер екіге жарылып келеді. Сонымен, Мемлекет басшысы күні кеше Қазақстан халқына Жолдауында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысын неліктен сынға алды? Сюжет көріңіз

Бүгінгі таңда медициналық көмек екі санатқа бөлінеді: олар мемлекет берген кепілдік пен сақтандыру жүйесі. Ел Президенті атап өткендей, азаматтар медициналық қызметтерді толық көлемде ала алмай келеді. Ал, бұл мәселені шешу үшін Қасым-Жомарт Тоқаев жүйені қайта қарап, ерікті медициналық сақтандыру жайлы атап өтті. 

Ресми ақпаратқа сейкес, облыс тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсету жүйесіне 96,6 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап облыс тұрғындарынан түскен жарналар мен аударымдар 41,4 млрд теңгені құрады. Ал, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, жалпы 12,1 млрд. теңге. Сонда бұл қаражат қайда кетуде, деген орынды сауал туындайды.

Дәурен Бұрхановтың айтуынша, ағымдағы жылы облыс бойынша МЕДИЦИНАЛЫҚСАҚТАНДЫРУҒА  921 551 адам тіркелген. Ал, екі жылға міндетті медициналық сақтандырудың артықшылығы неде, деген сауалға қала тұрғындарының пікірін білдік. -Мен зейнетақы аламын. Мен көп балалы анамын. Сақтандыру үшін автоматты түрде ұсталады. Мен мүлдем тегін медициналық көмек аламын.  Тіпті 3 ай ауруханада жаттым. -Біз МӘМС пайдаланамыз, бірақ тек педиатрдың қызметтерін пайдаланамыз. Әйтпесе, тек қатысушылар.. -Әйелімді тегін рентгенге түсірді. Барлық. Басқа қызметтер тек ақылы! Айына шамамен 3 мың теңге аударуы керек. Біз ақшаны қайдан аламыз? Қымбат! Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында өзекті мәселенің жоспары мен шешімін айтты.

Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін түпкілікті іске қосу қажет. Үкіметке денсаулық сақтауды және тұтастай алғанда әлеуметтік секторды қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды тапсырамын. Медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы кешенді жақсартуға ерекше назар аудару қажет.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *