JAŃALYQTAR

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫН?

Оқу маусымының басталуына аз қалды. Сол себепті, Тараз қалалық мәслихатының депутаттары құрылысы қарқынды жүріп жатқан білім нысандарын аралап, жұмыстармен танысты.

Мәслихат депуттары алдымен, «Барысхан» тұрғын алқабындағы 600 орындық білім ордасының құрылыс барысымен танысты. Нысанның шамамен 70 пайызы ғана  біткен. Дегенмен,  мердігер  білім ұясын жаңа оқу жылына дейін аяқтаймыз, деп сендірді.

Сосын, Асқаров тұрғын алқабындағы №61 орта мектепке ат басын бұрды. Мектеп жаңа оқу жылына 1200 баланы қабылдай алады. Құрылыс  аяқталуға таяп қалды. Мектеп басшылығы су мәселесін көтерді. Айтуынша, ғимаратқа жер асты суын уақытша кіргізген. Ал, балаларға  аталған тіршілік нәрі жарамсыз.

 Дидар ШЫМЫРҚҰЛОВ   №61 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мектептің құрылысы қазір қарқынды жүруде. Негізінде 1 қыркүйек күні штатты түрде оқушылармен жұмыс жасауымыз керек. Жалпы айтқанда құрылыстың 96 пайызы бітіп тұр. Өздеріңіз көргендей, құрылыстың сыртқы жұмыстары ғана қалды. 

Құрылысы жүріп жатқан келесі білім ордасының мәселесі шаш етектен. Миллиардтаған қаражат бөлінсе де, аяқталуға тіпті, жақындамаған.  Жауаптылардың мәлімдеуінше, бітпеген білім ұясының мердігері «БазисДорСтрой» екі жобаны қатар алған.

Батырбек ҚҰЛЕКЕЕВ  ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Бұл сұрақты Тараз қалалық әкімшілгінде көтергенмін. Мердігер компанияның аздаған ақшасы қалыпты. Соны берсе мектепті бітіреміз деген уәделері бар. Қазір қала басшысы да, облыс басшысы да біледі. Сондықтан мен ойлаймын, тиісті шара қолданады. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *