BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жамбылда әйелдер қанаты өз жұмысын бастады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен әйелдер активі отырысында айтылды. Сонымен қатар, басқосуда әртүрлі салада табысты қызмет етіп келе жатқан нәзік жандылар өз ойларын ортаға салып, жеткен жетістіктерімен бөлісті.

«Әйелдер қанаты» – аналардың мәртебесін көтеріп, қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында қолға алынған. Жобаның құрамына өңірдегі беделді, белсенді нәзік жандылар тартылуда. Ал Актив отырысында әйелдер қанатының кеңесшісі лауазымына облыстық маслихат депутаты Айман Серікқызы бекітілді. Оның айутынша ұйым шалғайдағы нәзік жандыларды кәсіпкерлікке тарту, әйел азаматтарын жан-жақты қолдау мақсатында бірігіп жұмыс істеуді мақсат тұтқан.

– Біздің мақсатымыз әйел азаматтарын әр жақты қолдау. Заңды, әлеуметтік, экономикалық жағынан. Сонымен қатар, кәсіпкерлік деңгейінен шалғайда жатқан әйел азаматтарын тарту. Өйткені, өздеріңіз білесіздер 41 пайызды осы Жамбыл облысының кәсіпкерлігінде әйел азаматтар шағын және орта бизнесте жұмыс істеп жатыр,-дейді Айман Әшімова, Облыстық мәслихат депутаты

Ресми статистикаға сүйенсек, қазіргі таңда облыстағы әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбек етуде. Аймақта шамамен 109 мыңнан астам көсіпкер болса, оның 45мыңнан астамы көшбасшы әйел азаматтар. Ал аманат партиясының Жамбыл облысы бойынша партия мүшелерінің 69 пайызы әйелдер қауымы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *