BASTY BETBİLİMJAŃALYQTAR

46 МЫҢ ОҚУШЫҒА 32500 ТЕҢГЕ БЕРІЛДІ

Жергілікті бюджет есебінен биыл 46 мыңға жуық бүлдіршінге 32500 теңгеден қаржы берілді.  Жалпы соммасы 1 млрд, 463 млн 670 мың теңгені құрап отыр.  Сондай-ақ қыркүйек айында әр балаға тағы да 4889 теңге қосалқы көмек берілетін болады.  Қажетті отбасыларға атымтай жомарт жандар «Мектепке жол» акциясы аясында да  мектеп формасы мен құрал-жабдықтар әперген.

Игі іс-шара аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында жүзеге асып отыр. Акция шеңберінде бүлдіршіндер қажетті  кеңсе тауарларымен, киіммен қамтылады.

Ержан АМАНБАЕВ «ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас муфти Наурызбай тағайұлының бастамасымен жылда үрдіске айналған мектепке жол акциясы көп балалы және мүгедек балалары бар отбасыларға,яғни әлеуметтік жағдайы төмен облысымыздағы 700 отбасыға биыл мектеп жол акциясы облысымызда көрініс тапты.

Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр. Күні кеше тағы 40 отбасыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді. Ата-аналар өз кезегінде демеушілерге алғыстарын білдірді.

Мешіттен беріп жатыр, құдайға шүкір,рахмет барлықтарына көп балалы деп сыйлап жатқандарына. Мен өзім бір балам мүгедек. Алла риза болсын.

Көп балалы ана едім. Осы кісілерге көмектескен жандарға рахмет.Алла разы болсын. Мешіттін атынан балаларыма 2 сүмке бергендеріне үлкен рахмет.

Көп балалы анамын 7 балам бар аллаға шүкір. Осы мешіт ұжымдарына рахмет. Сүмкемен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп отыр. Алла разы болсын.

Жыл сайын дәстүрге айналған  «Мектепке жол» акциясы өз мәресіне жетті. Қайырымдылық шара аясында облыста демеушілер есебінен  101 млн. 143 мың теңге қаражат жиналып, 7331 балаға көмек көрсетілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *