BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШАРШАСЫ ӨТТІ

Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Осы орайда балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін жаңа жылдық шыршалар легі жалғасуда. Бүгін қала әкімінің қатысуымен балаларға арналған мерекелік кеш өтті. Оған шаһардағы 63 мектептен 150 оқушы қатысты.

Мерекелік шара «Домбыра үндері» хореографиялық композициясымен ашылды. Ал балалар жаңа жылдық шыршаның басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті. Жаңа жылдық әртүрлі отбасыларда тәрюиеленіп жатқан балақайлар оқу үздігі атанып, кешке шақырту алған.

Жаңа жылдық шыршада балалар би билеп, ән айтты. Көтеріңкі көңіл күйде жүрді. Ал оларды үшін мерекелік кеште шығармашылық топтар театрландырылған қойылыммен қуантты. Дәстүрге сай балалар жаңа жылдық сыйлықтарында алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *