BİLİM

«ДИПЛОММЕН – АУЫЛҒА» ЖОЛДАМА АЛ

Байзақта «Дипломмен-ауылға»  бағдарламасы бойынша жұмысқа тұрған жас мамандар саны артып келеді. Қазіргі таңда туған жерге келіп, қызмет атқарып жатқан жастарды қолдау– басты назарда. Оларға көтерме жәрдемақы, сондай-ақ аз пайызбен баспаналы болу мүмкіндігі қарастырылған. Толығырақ келесі сюжеттен көріңіз.

Ия, аудан бойынша білікті мамандарға сұраныс көп. Ал бұл- Ляззат Елеманова. 2021 жылдан бастап аудандық орталық ауруханада балалар дәрігері болып жұмысқа орналасты. Ляззат аз уақыттың ішінде баспаналы болғанын айтып, болашақ жас мамандарды туған жерге қызмет етуге шақырды.

Ляззат ЕЛАМАНОВА Н967005 01:04-01:20—01:27—01:30

Болашақ жас мамандарға айтарым ауылдық деңгенйде жұмыс жасап, өз тәжірибелерін көтеруге шақырар едім. себебі бізге жұмыс жасауға мүмкіндік көп, сондай-ақ мемлекеттік қолдауларда қарастырылған.

 Байзақта ағымдағы жылы28 маманға 1млрд қа жуық теңге тұрғын үй сатыпалуға несие берілген. Сонымен қатар 20 маман 6 126,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алған.  Берілетін жеңілдіктер көлеміне тоқталар болсақ, тұрғын үй сатып алуға берілетін несие 1500 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Дулат ЖАҚЫПБЕКОВБАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ  ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 

 Ағымдағы жылы 254 маманға 48млн 928 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді, оның ішінде:128-білім беру, 105-денсаулық сақтау, 7-мәдениет, 9-спорт, 3-агроөнеркәсіптік кешен, 2-әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандары.

Айта кетейік, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы басталғалы ауданда
137 маманға  480 млн 301 мың теңге несие берілген. Жалпы бағдарлама бастау алғалы Жабыл облысында 2392 маманға 7,6 миллиард теңге қаржы бөлінген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *