ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН ТАМАШАЛАДЫ
Жолдау жүктеген тапсырмалар елімізді Жаңа Қазақстанға бастаудың бастапқы бағдарлары. Бас құжатты дәлме-дәл уақытысында тікелей эфирден тамашалаған әкери бөлім мен қазпошта мамандарының пікірі осыған саяды. Бүгінгі Жолдауға қатысты маманлар басқа қандай ой айтты? Пікірлер топтамасын Назерке Аяз түйіндеп қайтқан еді.
Бүгін 1 қыркүйек-білім күні. Мерекеге орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды. Жаңа енген өзгерістерден ҚР ұлттық ұланы, 5513 әскери бөлімінің басшылығы, офицерлері, сарбаздар мен әскери қызметкерлері хабардар болды.
Нұрдәулет ДҮЙСЕБАЕВ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ЖАУЫНГЕРІ
–Мемлекет басшысы өз жолдауын жариялады. Бірінші кедендік мәселелер, екінші мектепке дейінгі бала тәрбиесі, үшіншісі ЖОО гранттар, төртінші жастарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиелер…яғни бұл дегеніміз ҚР Президентінің халықпен етене жақын екендігінің дәлелі…Біз Президентіміздің жаңа заңдары мен реформаларын қолдаймыз
Жауынгерлер жолдауды қолдай отыра, жарияланған жаңашылдықтардың қатарында әскери қызметкерлерге жүктелген міндеттерді де атап көрсетті.
Дидар ТҰРАЛЫҚОВ 5513 ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
-Бұл жолдауда Ұлттық ұлан сарбаздары айтылған мәселелер үшін, Республикамызды көркейту үшін үлесімізді қоасыз. Президентіміз айтқандай, халықтың бірлігі-біздің асыл қазынамыз. Сол береке-бірлікті сақтау үшін біз адал қызмет етеміз.
Мемлекет басшысының жолдауын ҚазПошта мамандары да тыңдады. Енгізілген өзгерістерге пошта ұжымы қуанышты екендерін жеткізді.
Ақбөпе СЕЙІЛХАНОВА ҚАЗПОШТА АҚ ЖОФ ІС-ЖҮРГІЗУ СЕКТОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ
-Бізге ұнаған жерлері өте көп, ал өз басым 2028 жылға дейін 61 жасқа тоқтатылғаны ұнады. Өйткені ол маған тікелей байланысты//…менің ойымша барлық сала қамтылды, экономмиканы да, әлеуметтік сұрақтарын да қозғады.Бұл халықтың ойынан шығатынына сенімдімін.