BASTY BETBİLİMJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

БІЛІМ КҮНІ: 6 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін елде – Білім күні. Осыған орай бүгін Жамбыл облысында 6 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылында облыстағы 447 мектепте 244 мыңнан аса оқушы білім алатын болады. Сонымен қатар, биыл 23 мыңға жуық жамбылдық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап отыр. Мерекеге орай әріптесім Ақкенже Асанқызы Тараздағы №61су жаңа мектептің ашылу салтанатына барып қайтты.

Махметғали САРЫБЕКОВ     ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Бүгін, енді, бәрімізге ортақ мереке «Білім» күні, бүкіл өңірлерде аталып өтілуде. Былтыр тамыз айында басталған мектептің кілті міне өздеріңізге тапсырылып отыр. Мектепте балаларға барлық жағдай жасалған. Оқушылар Қазақстан қоғамында өз орнын тапсын.

Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез. Иә, мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев білім жүйесін дамыту үшін 2025 жылға дейін 1000 мектеп ашуды тапсырған еді. АНОНСАл, дәл бүгін Қазақстанда 80-ге жуық жаңа білім ордасы ашылды. Соның бірі, міне Тараз қаласындағы N61 білім ұясы. Су жаңа мектеп 600 балаға дейін қадылдайды. Сонымен қатар, мекемеде жаңа модификалық 5 кабинетпен қоса  химия, физика, биология кабинеттері заманауи түрде жабдықталған

Қайрат ИСМАИЛ    ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ М.А

-Қаламызда қазір 6 мектептің құрылысы жүруде. Оның 3-і биылғы жылы берілетін болады. Сол үшеудің бұл біріншісі. Қалған 2-і жыл соңына дейін тапсырылады. Құрметті оқушылар осы мекептен білімнің қыр-сырын меңгеріп, терең ілім аласыздар деп сенемін.

Мектеп бір ауысымда 600 оқушыны қабылдаса, екі ауысымда 1200 баланы біліммен сусындатады. Дегенмен, білім ұясына әзірге 275 қана оқушы қабылданған. Мектеп басшысының айтуынша, егер білім алуға келер оқушылар саны 500-ден артса, екі ауысымда оқыта алады.

Дархан МҮСІРБЕКОВ №61 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А

-Мектепке  275 оқушыға конкурс арқылы 17 мұғалім қабылданды.  Енді, әрқайсысы сағат бойынша жоғарғы білім жүйесімен сабақ береді.

Тек шаһарда ғана емес, Байзақ ауданы, Сеңкібай ауылында да 100 орындық жаңа білім ордасы жас ұрпақ еншісіне берілді. 2 қабаттан тұратын білім ұясына бүгінде, 183 бала қабылданды.

Нұржан КАЛЕНДЕРОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

-Заманауи жабдықталған жаңа мектептің ішінде жақсылап білім алуларыңызға тілектеспін. Алдғы уақытта үлкен азамат болыңыздар. Ал, құрметті ұстаздар, сіздер де осы мектепте, балаларды оқытып, үлкен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін.

Айта кетейік, биыл білім саласына 244,4 млрд.теңге бөлінген. Бұл облыс бюджетінің 50 пайызынан асып отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *