ТАРАЗДА ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ФЕСТИВАЛЬІ ӨТЕДІ
2026 жылдың 23-24 сәуірінде Тараздағы «Көне Тараз» кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.
Шараның мақсаты – өңірдің туризмін дамыту, қолөнершілерді таныту және көне өнерді жаңғырту.
Фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен, сондай-ақ Алматы, Түркістан өңірлерінен және жергілікті 100-ден астам шебер қатысады.
Бағдарламада көрме, шеберлік сабақтары, жас суретшілердің көрмесі, «ASPARA FASHION WEEK» сән апталығы, «Dombyra Party» және гала-концерт бар.
Қонақтар қолөнер бұйымдарын сатып алып, қаланың тарихи орындарын аралай алады.

