BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ҚАЗАҚСТАНДА КОНСТИТУЦИЯНЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРІЛДІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Конституцияны түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жоспар Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіруді жүйелі түрде ұйымдастыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Негізгі Заңға сәйкес заңнамалық шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Жоспар үш бағытты қамтиды: ұйымдастыру іс-шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және Конституцияның орындалуын құқықтық қамтамасыз ету. Барлығы 36 нақты іс-шара қарастырылған.

Ұйымдастыру шаралары аясында Конституция мәтінін басып шығару, тарату, соның ішінде мүгедектерге арналған бейімделген форматтарда әзірлеу көзделген. Құжат электронды платформаларда да қолжетімді болады. Сонымен қатар ғылыми-сараптамалық қолдау, ақпараттық-көрнекі материалдар, тақырыптық брошюралар, көрме және ағартушылық жобалар жүргізіледі.

Халықтың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру да жоспардың басты бағыты. Оқыту семинарлары мен білім беру іс-шаралары өткізіледі, мектеп пен ЖОО бағдарламалары жаңартылады. «Құқық негіздері» мен «Заң мен тәртіп» курстары, әдістемелік материалдар және балаларға арналған басылымдар әзірленеді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша кешенді медиа-жоспар іске асырылады, ал Конституцияның құқықтық іске асырылуын қамтамасыз ету үшін заңнамалық шаралар, қолданыстағы заңдарды талдау, стратегиялар мен тұжырымдамаларды өзектендіру қарастырылған.

Жалпы алғанда, бекітілген Жоспар Конституция нормаларын халыққа кеңінен жеткізіп, еліміздің Негізгі Заңының толыққанды жүзеге асырылуына жағдай жасайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *