BASTY BETJAŃALYQTAR

E-ҚЫЗМЕТ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ОНЛАЙН ЖҮЙЕСІ

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу конкурсы екі бағытта өткізіледі: ішкі (мемлекеттік қызметшілер арасында) және жалпы (барлық азаматтар үшін). Процесс бірнеше кезеңнен тұрады: құжаттарды қабылдау, тестілеу (заңнаманы білу және құзыреттілікті бағалау), әңгімелесу және соңғы шешім қабылдау. Барлық кезеңдер «eQyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталында онлайн жүргізіледі, деп хабарлайды Taraz24`news.kz.

Жаңа формат үміткерлерге белгіленген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен қатысуға мүмкіндік береді. Іріктеу ашықтықты, әділдікті және тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Конкурстың негізгі кезеңдері:

  1. Жүйеде конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау.
  2. Жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау.
  3. Үміткерлерді жеке қасиеттерін бағалау және мәтіндік, сандық ақпаратпен жұмыс қабілетін тексеру.
  4. Эссе жазу (кейбір лауазымдар немесе мемлекеттік органның шешімі бойынша).
  5. Мемлекеттік орган конкурстық комиссиясында әңгімелесу немесе төменгі лауазымдарға практикалық бағалау.
  6. Конкурс қорытындысын шығару.

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға уақытша тәртіп енгізілген.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық жергілікті атқарушы органдар 695 бос лауазымға конкурс жариялаған. Оған 2 965 үміткер қатысып, бір орынға орташа есеппен 4,3 адам бәсекелес болған. Нәтижесінде 318 жеңімпаз анықталып, мемлекеттік қызметке қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *