BASTY BETBILİKJAŃALYQTARSport

«ЖАСТАР» СТАДИОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов Тараз қаласындағы «Жастар» стадионында жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

Бүгінде стадион аумағында бірқатар маңызды жұмыстар қолға алынған. Бұл, ең алдымен, жас футболшыларға жасалып отырған нақты қолдаудың бірі.

Қазір алаңның жабыны толық жаңартылып, көрермендерге арналған орындар ретке келтірілуде. Сонымен қатар, нысанның инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жөндеу жұмыстары Қазақстан футбол федерациясының талаптарына сай жүзеге асуда. Негізгі мақсат – тұрғындар мен жастар үшін қауіпсіз, қолайлы әрі заманауи спорттық орта қалыптастыру.

Бұл өз кезегінде бұқаралық спорттың дамуына серпін беріп, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға мүмкіндік ашады.

Жоспарға сәйкес, «Жастар» стадионы наурыз айының соңына дейін қайта пайдалануға берілмек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *