JAŃALYQTARSport

«TARTYL FEST» ТАРАЗДА

«Tartyl fest» спорт фестивалі Таразда. Иә «шынықсақ шымыр боласың» деген ұранды ұстанған жастар үшін бұл спорт жарысы таптырмас мүмкіндік. Осымен елімізде үшінші рет ұйымдастырылып отырған фестиваль ҚР Президентінің жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қорының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Жамбылда қанша жігерлі жандар бар екен? Жалпы жарыс қалай өтті? Тілші тарқатсын.

10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында еліміздің барлық аймағында турникке тартылудан жарыс өтуде. Әр қаладағы ойын төрешілері 9 номинация бойынша 27 жеңімпазды анықтайды. Қуантарлығы қатысу – тегін. Бұған дейін фестиваль Қонаев қаласынан бастау алып, Талдықорған мен Алматы қалаларында жалғасса, енді міне Тараз қаласына да жетті.

  Құрметті қатысушылар! «Шынықсаң шымыр боласың» демекші спорт денені шыңдайды. Шеберлікке үйретеді. Турникке тартылу адам денесін шыңдайды. Бұлшық етерді нығайтады.

Шымыр болып жеңген қатысушыға әр қалада 1 орынға – 200 мың теңге, 2 орынға – 100 мың, 3 орынға – 50 мың теңгеден берілуде.

Айтым ЖАҚЫПОВ   «TARTYL FEST» АМБАССАДОРЫ

Бұл жарыс іріктеу болып есептеледі. Үздік шыққандар облыс құрамасына алынады. Одан кейін қыркүйек айында Елордада да жалауы желбірейтін респубилкалық додаға қатысады.Әр қалада 27 жеңімпазды анықтаймыз. Салмақ және жас катнгориясына қарай.

Сауда орталығында өткен фесивальге халық өте көп жиналды. Тіпті ине шаншыр орын болмады. Жарысқа көбіне жастар қызығушылық білдіріпті. Солардың бірі – Юрий Чекариди.

Юрий ЧЕКАРИДИ    ҚАТЫСУШЫ

Менің жарысқа қатысу себебім өзімнің күш-жігерімді тексеріп көргім келді. Болашақта бұдан да жақсы нәтижеге қол жетеіземін деп ойлаймын.

Қала тұрғындары үшін бұл күн мереке секілді болған секілді.  Олар фесивальдің ерекше әсер сыйлағанын айтты.   Жарысқа барлығы 500 адам қатысты. Жеңімпаздар 18 жас, 18-30 жас аралығы және 30 жастан жоғары болып жас ерекшеліктеріне қарай анықталды. Солардың ішінде ең көп 34 рет турникке тартылған  Дархан Сәрсенов. Финалдағы жұлде қорына тоқталсақ, 1 орын – 3 млн.теңге, 2 орынға – 2 млн, ал 3 орынға – 1 млн теңге  қаржылай серификат тағайындалыпты. Шешуші сәт қыркүйек айында еліміздің бас қаласында өтпек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *