BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ЖАМБЫЛДАҒЫ №59 МЕКЕМЕДЕ СОТТАЛҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде сотталғандар арасында өткен жазғы спартакиада өз мәресіне жетті, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

Спорттық іс-шара сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, дене шынықтырумен тұрақты айналысуға ынталандыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ұжымдық бірлікті нығайту мақсатында өткізілді.

Спартакиада барысында қатысушылар шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, қол күресі, шахмат, дойбы және жеңіл атлетикадан бақ сынады. Жарыстарға жалпы 350 сотталған қатысып, жоғары белсенділік танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар мекеме әкімшілігінің дипломдары мен арнайы марапаттарына ие болды.

Мекеме әкімшілігінің мәліметінше, мұндай спорттық шаралар сотталғандардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, тәртіпті сақтауға, әлеуметтік бейімделуіне және жағымды мінез-құлық қалыптастыруға оң әсер етеді. Осыған байланысты мұндай мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *