BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Ол ел азаматтарының жалпыхалықтық референдумда ауызбіршілік пен отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды қолдағанын атап өтті, деп хабарлайды Taraz4news.kz.

«Біз сіздермен бірге ауқымы мен мән-маңызы тұрғысынан ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның тікелей куәгері болдық. Қазақстандықтар жаңару мен жаңғыру үшін дауыс беріп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлестерін қосты», – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетекшілік еткен реформалар ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашып отыр. Референдум нәтижесі қазақстандықтардың жаңару мен жаңғыруды қолдайтынын көрсетті.

Оның сөзінше, қабылданған жаңа Конституция мемлекеттілікті нығайтып, ұлттық дәстүр мен мәдениетті сақтай отырып, елдің демократиялық құндылықтар негізінде дамуына мүмкіндік береді.

Премьер-министр жүргізіліп жатқан өзгерістердің сапасы мен қарқынын сақтай отырып, алға қойылған мақсаттарға бірлесіп қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *