ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 42 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Биыл Жамбыл облысында өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 42 875 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов мәлімдеді, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айтуынша, өткен жылы аталған карта аясында 65 647 жұмыс орнын құру көзделіп, жыл қорытындысында 73 811 жұмыс орны ашылған. Нәтижесінде жоспар 112,4 пайызға орындалған.
Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы өңірде 20 475 жұмыс орны ашылып, белгіленген меже артығымен орындалды. Ал биыл бұл бағытта 6 750 жұмыс орнын құру жоспарланған.
Өткен жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 18 056 адам тартылған. Сонымен қатар 1 000-нан астам азаматқа қайтарымсыз грант берілген. Биыл аталған көрсеткіш 8 865 адамды қамтиды.
Электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына 31 303 адам жұмысқа орналасқан. Ағымдағы жылы 26 522 адамды еңбекпен қамту көзделіп отыр.
Ұлттық жобалар мен салалық тұжырымдамалар аясында өткен жылы 3 977 жұмыс орны құрылған.
Сондай-ақ 2025 жылы 4 087 отбасындағы 22 473 адамға жалпы сомасы 2,4 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленген. 2024 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 9 096 адамға немесе 28,8 пайызға азайған. АӘК алушы отбасылардағы еңбекке қабілетті 4 123 адам жұмыспен қамтылған.

