JAŃALYQTAR

БАЙЗАҚТАҒЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Аймақ әкімінің тапсырмасына сәйкес облыста балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Бұл ретте байзақтықтар да қалар емес. Ерекше бизнес үшін ауданға қарасты «Арслан» шаруақожалығы 5 млн теңге қайтарымсыз несиені жеңіп алып, бүгінде машақаты көп кәсіпті жүргізіп отыр.

2021 жылы басталған бұл балық шаруашылығы қазіргі таңда өз жұмысын жалғастыруда. Байзақ ауданы сарыкемер ауылы, талас өзенінің бойында орналасқан.Қазірде 60 мыңнан астам балық әкеліп салынған.

3 гектар аумақта  5 тоған қазылған. Ағымдағы жыл 3 тоғанға 65 мың дана балық әкелінді. Қазіргі уақытқа дейін бұл шаруашылықтың бастапқы қаржысына 35 млндай қаржат кетті дейді. Мұнда Балықтардың 3 түрі бар. Нақты айтсақ сазан, карб, секілді балық түрлері салынған. Балықтар арнайы отандық өніммен қоректендіріліп жатыр.

Жанап ШАЙДІЛДАЕВА «АРСЛАН» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Балыққа жемді Шымкент қаласынан алып жатырмыз. Өзіміздің отандық өнім. Келесі жоспарымызда тағы да өзіміздің қазылмаған 3 тоғанымыз бар соғанда балық жіберіп кеңейту. Қазіргі кезде жылына 90 тонна балық өндірсек деген ойымызда.

Сонымен қоса Байзақ ауданы Үлгілі аулдық округінде де осы істі қолға алған шаруақожалық бар.

Қанат ТЕЛЕУОВ БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ  КӘСІПКЕРЛІК, ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Айта кететін болсақ Үлгілі ауылдық округының жерінде Сатыбалдиев Есенғали «Әсем- ай» шаруа қожалығы 3 млн 8 мың теңге кредит алынып, екі тоғанға 50 мың штук шабақ жіберіліп, 6 адамды жұмыспен қамтып отыр.Жұмысшылардың орташа жалақысы 90 мың теңгені құрайды.

Өндірілген балықтар Қазақстан аумағында сатылымға шығару, шаруашылық аумағын  жарықтандыру мәселесі кәсіпкердің басты назарында. Шаруашылықтың толықтай бітуіне шамамен 40-50 млн дай қаражат кетеді дейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *