МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ДӘУРЕН ҚОСАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік әзірлігі, Қарулы Күштерді одан әрі дамытудың басым бағыттары жөнінде баяндалды. Министр жетекшілік ететін ведомствода цифрлық технологияларды енгізу, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын күшейту және қорғаныс инфрақұрылымын жаңғырту шаралары қолға алынғаны туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ Президенттің Қарулы Күштер сапында тәртіпті нығайту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы ұсынылды.
Кездесу қорытындысында Жоғарғы Бас қолбасшы армияның жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру, әскери және құқықтық тәртіпті күшейту бағытында нақты міндеттер жүктеді.
