BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДА «СЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫҢ – СЕНІҢ ҚОРҒАНЫҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Жиенбет негізгі мектебінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында 5 мектептің қатысуымен «Сенің құқығың – сенің қорғаның» атты мектепаралық квест ойыны ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға баулу және түрлі өмірлік жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

Квест барысында оқушылар командалық жұмыс дағдыларын көрсетіп, құқықтық бағыттағы тапсырмаларды орындады. Қатысушылар өз білімін, белсенділігін және шапшаңдығын танытты.

Жарыс нәтижесі бойынша:

  • 1-орын – Жиенбет негізгі мектебі
  • 2-орын – Ә.Молдағұлова атындағы мектеп
  • 3-орын – Мойынқұм орта мектебі

Кездесу соңында барлық қатысушы оқушылар марапат қағаздары мен арнайы сыйлықтарға ие болды.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін арттырып, азаматтық жауапкершілік сезімін күшейтуге ықпал етеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *