МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ГРУЗИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Ашхабадта өткен халықаралық форум аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесу өткізді, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Грузияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтті. Сондай-ақ екі халық арасындағы достық пен тарихи тамырластыққа негізделген ұзақ жылғы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.
Тараптар саяси диалогтың, сондай-ақ экономикалық және гуманитарлық байланыстардың тұрақты түрде дамып келе жатқанын растады. Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар Президент Грузиямен көлік-логистика және сауда-экономикалық салалардағы өзара іс-қимылды арттыруға зор әлеует бар екенін атап өтті.
