BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА БОЙЫНША ТҮСІП ЖАТҚАН ҰСЫНЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен Парламенттік реформаға қатысты кезекті жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Ерлан Қарин 9 қаңтарда өткен Жұмыс тобы отырысында болашақ бір палаталы Парламенттің мәртебесін, өкілеттіктерін, функцияларын және билік тармақтарымен өзара іс-қимыл тетіктерін айқындауға бағытталған тәсілдер әзірленгенін жеткізді. Ал 15 қаңтарға жоспарланған келесі отырыста жаңа Парламенттің мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етуге қатысты өкілеттіктері талқыланатыны айтылды.

Ержан Жиенбаев Мемлекет басшысына конституциялық реформаға байланысты Жұмыс тобы мүшелері мен қоғамнан келіп түсіп жатқан жаңа ұсыныстар туралы баяндады.

Президент барлық пікір мен ұсынысты мұқият ескеру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар конституциялық реформа жөніндегі түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайтынын мәлімдеді.

Кеңес барысында, сондай-ақ, Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өтетін бесінші отырысына дайындық мәселесі қарастырылды. Мемлекет басшысы Құрылтай отырысын 20 қаңтарда өткізу жөнінде тапсырма беріп, алдағы маңызды іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруды міндеттеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *