МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заң мен тәртіп – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Кездесудің негізгі мақсаты – қатысушыларға заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін ұғындыру болды. Сонымен қатар, жастарды жауапкершілікке, әділдікке, тәртіптілікке тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары талқыланды.
Іс-шара барысында заң мен тәртіптің қоғамның тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі кеңінен сөз болды. Қатысушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы маңызды ақпарат алып, заңға бағынудың – жарқын болашақтың кепілі екеніне көз жеткізді.
Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қоғамда заң үстемдігін нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

