BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚТЫ АЛДЫН-АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қордай ауданында Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Б.Мухамеджанның қатысуымен «Заң мен Тәртіп» қағидатын дәріптеу аясында қылмыстылықты алдын-алу шараларын күшейту мәселелері мекемеаралық мәжілісте қаралды, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Жиында прокуратурамен жыл басынан бері тіркелген қылмыс динамикасы талданып, зорлық-зомбылық, жасөспірімдер қылмысы, жол-көлік оқиғалары және интернет-алаяқтық сияқты қылмыстардың өсуіне әсер етіп отырған факторлар анықталды.

Мәжіліс қорытындысында профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полицияның патрульдеу жұмыстарын күшейту, білім беру ұйымдарында құқықтық түсіндіру жұмыстарын кеңейту және әлеуметтік тәуекел топтарымен жеке профилактиканы жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *