BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ПРЕЗИДЕНТ ТОҚАЕВ ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ САЙЛАУ НӘТИЖЕСІМЕН САДЫР ЖАПАРОВТЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші сайлауының табысты өтуіне байланысты Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бұл маңызды саяси науқанның нәтижелері Қырғызстанның одан әрі дамуы жолындағы стратегиялық мақсаттарды іске асыруға жасалған нық қадам екенін атап өтті.

Тоқаевтың айтуынша, парламент сайлауы Садыр Жапаров жүргізіп отырған қуатты және өркендеуге бағытталған саясаттың халық тарапынан кең қолдау тапқанын көрсетті. Ол қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі тұрақты нығайып келе жатқанын және екі елдің достық, тату көршілік қатынастары берік негізге ие екенін атап өтті.

Президент екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа бауырлас қырғыз халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *