BILİKJAŃALYQTAR

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ШРИ-ЛАНКА ПРЕЗИДЕНТІНЕ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкада орын алған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің Президенті Анура Кумара Диссанаякеге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл білдірген. Президент зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектестік танытып, қиын жағдайда Шри-Ланка халқына қолдау білдіретінін атап өткен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *