BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПАДЕЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЛУИДЖИ КАРРАРО МЕН PREMIER PADEL ТӨРАҒАСЫ НАССЕР ӘЛ-ХЕЛАИФИДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық падел федерациясының (FIP) президенті Луиджи Карраро мен Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы Нассер Бен Ганим Әл-Хелаифиді қабылдады, деп хабарлайды Taraz24news.kz ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанда падел спортын дамыту перспективалары талқыланды. Қазіргі таңда елімізде 1,5 мыңнан астам ойыншыны біріктіретін қоғамдастық қалыптасып, 16 өңірде аймақтық федерациялар құрылған. Президент бұқаралық спортты дамыту мен заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға мемлекет ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Бүгінде елімізде падел ойынына арналған 17 корт жұмыс істейді. 2027 жылы Алматы қаласында халықаралық стандартқа сай 10 корты бар ADD PADEL ARENA спорт кешенін ашу жоспарланып отыр. Бұл нысан Орталық Азиядағы ең заманауи спорт орталықтарының біріне айналып, Premier Padel деңгейіндегі халықаралық турнирлер өткізуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ футболды дамыту мәселесіне тоқталды. Ол елімізде футбол клубтарын жекешелендіру және бәсекелестік орта қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі әрі «Пари Сен-Жермен» клубының акционері ретінде әлемдік футболға қосқан үлесі үшін Нассер Әл-Хелаифиге ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында Президент Қазақстанның Халықаралық падел федерациясымен ынтымақтастығын нығайту елімізде осы спорт түрін дамытуға және оның танымалдылығын арттыруға серпін беретініне сенім білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *