BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН АЛАР КАРИС ҚАЗАҚСТАН-ЭСТОНИЯ БИЗНЕС-ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония Президенті Алар Карис екі елдің іскерлік топтары қатысқан Қазақстан–Эстония бизнес-форумына қатысты. Мемлекет басшысы шараның сауда және инвестиция бағытындағы екіжақты серіктестікті дамытуға жаңа серпін беретінін атап өтті, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Форум барысында Қазақстан Президенті көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуетіне тоқталды. Ол эстониялық бизнестің Қазақстанда өз жұмысын кеңейтуіне барлық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Іс-шарада Эстония Президенті Алар Карис те сөз сөйлеп, екіжақты экономикалық ықпалдастықты тереңдетуге дайын екенін мәлімдеді.

Бизнес-форум аясында Қазақстан мен Эстония компаниялары жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық құжатқа қол қойды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *