ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА ЖАСТАРМЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Біз қылмысқа қарсымыз» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Жуалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Кездесу барысында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын түсіндіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, жастардың жеке қауіпсіздігі, жауапкершілігі және заң талаптарын сақтау маңыздылығы жөнінде ақпараттар берілді.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамда заң мен тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

