БАЛАЛАРДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ
Жаңа жыл – әр баланың жыл бойы асыға күтетін басты мерекесі. Бүлдіршіндерді сиқырлы ертегілер әлеміне жетелейтін мереке әр аудандарда жалғасын тауып отыр. Балаларға арналған жаңа жылдық кештерден әріптесім толығырақ айтады.
Жасыл шыршаны айнала би билеп, ән салған балалардың қуанышын да шек жоқ. Өйткені, бұл олардың жыл он екі ай асыға күтетін мерекесі. Қордай ауданында өткен жаңа жылдық шырша да аудандық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығының әртістері балақайларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 250 бала ертегі кейіпкерлерімен бірге қызықты ойындар ойнап, тәтті бәліштетерден дәм татты. Естелікке суретке де түсті.
– Қымбатты балақайлар біздің еліміздің ертеңі өздеріңіздің қолдарыңызда. Сіздер осы біздің, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін, еліне еңбек ететін, мықты математик, мықты физик, мықты, теолог, биолог әр түрлі салада, үздік маман болып, тәрбие көрсететіндеріңізге мен сенемін,-дейді Бегзат Сейсенқұлұлы, Қордай ауданының әкімі
Байзақтық бүлдіршіндерде бұл мерекенің лебін сезді. Аудан әкімінің шыршасына келген балалар өз өнерлерін көрсетіп, сыйлықтарға ие болды. Ғажайыпқа толы кеште Аяз ата , Ақшақармен көңіл көтеріп, арнайы қойылымды тамашалады. Шыршада аудан әкімі балаларға ізгі тілегін де жеткізді.
– Бүгінгі мына келе жатқан жаңа жыл мерекесімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңе саулық, әрдайым озат болуларыңа тілектеспін. Мына жастардан үлкен үміт күтеміз. Алдағы уақытта сіздердің, балдардың, қыздардың қазақ елінің үлкен азаматы мен азаматшалары болады деп ойлаймын,-дейді Бақыт Қазанбасов, Байзақ ауданының әкімі