BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAM

ТАРАЗДА КОЛЛЕДЖ МҰҒАЛІМДЕРІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ҚОЛДАНУДЫ ҮЙРЕНУДЕ

Жазда студенттер демалса да, мұғалімдер білімін жетілдіруді жалғастыруда. Бүгін Таразда ЖОО мен колледж оқытушыларына арналған жасанды интеллект бойынша арнайы уоркшоп басталды, – деп хабарлайды “Taraz24news.kz” ақпараттық агенттігі.Іс-шараның негізгі тақырыбы — «ЖИ агент және оны қолдану». Бұл жүйе түрлі тапсырмаларды орындай алатын, дербес шешім қабылдайтын заманауи жасанды интеллект құралы. Мамандардың айтуынша, мұндай технология мұғалімдерді қағазбастылықтан арылтып, уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі.Бүгінгі оқытуға «Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің» 10 оқытушысы қатысты. Жоба «Zhambyl Hub» өңірлік IT-хабының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта облыстағы 33 колледж бен 2 жоғары оқу орнының ұстаздары да жасанды интеллектпен жұмыс істеуді меңгермек.«Бүгінгі уоркшоп — Жамбыл инновациялық жоғары колледжімен бірлесіп ұйымдастырылған. Мақсатымыз – мұғалімдерді ЖИ агенттермен жұмыс істеуге дайындау. Бұл 2025 жылдың басты талабына айналмақ. Болашақта ауқымды аудиторияны қамтуды жоспарлап отырмыз», – деді Нұржан Сағындық, «Zhambyl Hub» өңірлік IT-хабының басшысы.Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты – мұғалімдерді оқытып қана қоймай, олардың көмегімен студенттерді де ЖИ құралдарын қолдануға үйрету.«Біздің колледжде 400 студент бар, соның 250-ге жуығы IT мамандығын меңгеруде. Бүгін алған білімімізді қыркүйек айынан бастап сабақтарға енгізуді көздеп отырмыз», – деді Олжас Тоқтасин, мобильді қосымшаларды әзірлеу пәнінің оқытушысы.Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы білім беру саласына да серпін беруде. Жамбылдық ұстаздардың жаңа технологияларды меңгеруі — болашақ мамандарды еңбек нарығына сапалы дайындауға жол ашпақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *