ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ – КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ
Байзақ ауданында қайтарымсыз ақша алып кәсібін жүргізіп отырған жандар жетерлік. Мамандардың айтуынша биыл аудан бойынша 140 адамға грант беру жоспарланған. Жалпы алғанда іс бастаған азаматтарға 200 млн теңгеге жуық қаражат беріліпті.
Байзақта мемлекеттік қайтарымсыз грант көпбалалы, мүгедектігі бар, ерекше балаларды тәрибиелеп отырған отбасыларға, асыраушысынан айрылған әйелдер мен атаулы әлеуметтік көмек алатындарға берілген. Қазіргі таңда грант алуған азаматтардың 116-сы мал шаруашылығымен айналысса, 1еуі құс шаруашылығы, 16 азамат технологиялық жабдықтар алған. Жауаптылардың айтуынша грант иелері тоқсан сайын, яғни 1 жылда 4 рет есеп беріп отыруы тиіс деп отыр.
– Қайтарымсыз мемлекеттік грант 140 адамды 12 ай бойы еңбек мобильдік орталығы мориторинг кететін болады. Олардың жаңағы келісімшартына сәйкес 1 жылда 4 рет есеп тапсыратын болады бұл кісілер. Егерде есептер уақытында немесе қаражатты тиімсіз пайдаланған жағдайда өз еріктерімен не болмаса сот арқылы ақшаларын қайтарады,-дейді Дидар Сансызбаев, «кәсіпкерлік оқыту және кәсіпкерлік қолдау бөлімінің басшысы
Мемлекеттік грантты ұтып алған жанынң бірі көпбалалы ана Гүлнар Райсова. Ол аудан орталығынан әйелдер мен балалар массаж орталығын ашқан. Мемлекеттен 1,5 млн-ға жуық қайтарымсыз қаржы ұтып алған. Бүгнігі күні арнайы вакумды апарат алып кәсібін дамытып отыр.
– Қайтарымсыз грантпен 400мрп алдық. Соған осы кобинетке қажетті құрал-жабдық ретінде массажды одан әрі дамыту ретінде вакумды моссаж алдық бұл иноватция болып табылады. Бұл массаждың қызметіне біраз процедуралар кетеді. Сол апаратты алу арқылы әрі қарай моссаж центрімізді дамытып жатырмыз. Күніге 4, 5 адамды қабылдаймыз,-дейді Гүлнар Райсова, кәсіпкер
Айта кету керек, «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-сі есептелген грант қаражатын қайтаруды талап етуге құқылы. Ағымдағы жылдың өзінде бір азамат келісім шарт мерзімдерін орындамағаны үшін ісі сотқа жолданған дейді мамандар.