BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАЕКВОНДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІН ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоуды қабылдады. Мемлекет басшысы Чунгвон Чоудың Қазақстанға сапары спорт саласы үшін маңызды оқиға екенін атап өтті,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі.

Бұл Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының елімізде таеквондо спорт түрінің дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті екенін дәлелдейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таеквондоны тек олимпиадалық спорт түрі ретінде емес, үйлесім, тәртіп және өзара құрмет қағидаттарына негізделген, әлемдегі миллиондаған адамды біріктіретін философия деп бағалады.

Сонымен қатар, елордада өтетін G1 санатындағы Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтинг турнирі отандық спортшылардың кәсіби деңгейін көтеріп, тәжірибе алмасуына және Ұлттық федерацияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігер нәтижесінде Қазақстанда таеквондоның танымалдылығы артып, халықтар арасындағы ынтымақтастық нығая түсетініне сенім білдірді.

Чунгвон Чоу Қазақстанда таеквондоны дамытуға көрсетіп жатқан қолдауы үшін Президентке алғысын білдіріп, ұйымдастырылып жатқан турнирге және спорт түріне деген қызығушылыққа жоғары баға берді. Федерация басшысы қазақ спортшыларының халықаралық аренадағы жетістіктеріне ерекше тоқталды.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті таеквонданың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Чунгвон Чоуды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Сонымен қатар, федерация президенті Мемлекет басшысына құрмет белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *