BASTY BETJAŃALYQTAR

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2025 жылғы 14 шілдеден бастап Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбасары қызметіне Айбек Жаханбайұлы Тасеменов тағайындалды-деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі.

Бұл лауазымға тағайындау Жамбыл облысы әкімдігінің конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес жүзеге асырылды.

Тасеменов Айбек Жаханбайұлы
1985 жылғы 27 мамырда дүниеге келген. Білімі жоғары.

  • 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Алматы заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
  • 2011 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша білім алған.
  • 2013 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
    Сонымен қатар Жапония, Нидерланды және Германия елдерінде кәсіби тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолы:
Мемлекеттік қызметті 2008 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасында бастады. Әр жылдары бас маман, бөлім басшысы, аппарат жетекшісі сынды түрлі жауапты лауазымдарды атқарды.
2014–2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің аппаратында инвестициялар және индустриялық даму саласына жетекшілік етті.
2019–2020 жылдары жеке секторда – «Aurum Deutschland» ЖШС-нің Тараз қаласы бойынша өкілі болды.
Бұдан кейін «Бәйтерек» холдингіне қарасты «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-да қызмет етті.
2022 жылдан бастап бүгінге дейін Тараз қаласы әкімінің аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *