ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА
Таразда дәстүрге айналған спартакиада биыл да өз жалғасын тапты. Әр түрлі конфессиядан тұратын діни бірлестік өкілдері 6 спорт түрі бойынша бақтарын сынады.
Жыл сайын 18-қазан күні елімізде “Рухани келісім күні” ретінде атап өтіледі. айтулы күнге орай бүгінде Тараз-Арена спорт кешенінде спартакиада өтті. Діни бірлестік өкілдері үшін дәстүр ге айналған спорттық іс-шараларды өткізу конфессияаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді мамандар
– Бұл үрдіс әдетке айналған. Қазірде біз әртүрлі дін басшылары өзіміздің ынтымағымызды, бірлігімізді көрсетуіміз керек. Біздің әлеуметтік экономикалық құқықтық зайырлы мемлекетіміздің дамуына дін мамандарыында қосар үлесі болуы керек,-дейді Бейбіт Мырзагелдиев, облыстық «һибатулла тарази» мешітінің бас имамы
Спорттық іс-шарада қатысушылар кіші футбол, үстел теннисі, кір тасын көтеру, жеңіл атлетитика, арқан тарту және шахматтан жүлделі орындар үшін өзара бәсекеге түсті.
– Мен үстел теннисіне қатысамын. Осылай дін бірлестігі жиналып ойынға қатысып жатқанына өте қуаныштымын. Ұлтымыз басқа болса да, дініміз басқа болса да бірге амандасып, ойын ойнап жүргеніміз өте керемет деп ойлаймын,-дейді Би Юн ДЖУН, ҚАТЫСУШЫ
Спорттық сайыста бабы мен бағы қатар шапқан шебер ойыншыларға арнайы кубоктар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, діни бірлестіктер жетекшілері ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.