AGROBASTY BETJAŃALYQTARАймақ

САЛАДАҒЫ САЛҒЫРТТЫҚ

Жамбылда 4 млн-нан астам мал бар деген дерек жалған болып шықты. 764 000 бас мал мен  136 000 гектар егістік жер тек қағаз жүзінде екендігі де анықталған. Тіпті қолда бар техниканың тең жартысы баяғыда істен шыққан көрінеді. Базада тіркелген, бірақ мүлде тірлікке жарамсыз. БАҚ өкілдерімен кездесуде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек біраз мәселенің барын жасырмай айтты, -деп хабарлайды  «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

  • Облыс аумағында 2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 762,5 мың гектардың орнына 626,7 мың га шамасында алаңға орналастырылғаны белгілі болып, егіс алқабы 136 мың гектарға кеміді. Мал басына санақ жүргізу арқылы, жыл басында облыста тіркелген 4,1 млн. бас мал саны 3,4 млн. басқа дейін төмендетілді. Яғни, 762 мың бас мал шын мәнінде жоқ, – дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек   

Десе де ауыл шарушылығы саласында оң динамика байқалады. Жалпы өнім 4%-ға артқан. Бұл 142,6 млрд. теңгені құрайды. Шенділер әлгі жарамсыз 5000-ға жуық техниканы тіркеуден шығарыпты.  Енді жаңасын арзан қаржы көздері арқылы сатып алмақ.

Кәсіпкерлік саласында да біраз мәселенің беті ашылған. 24 млрд теңге бөлініп, халық мал алды деп көрсетілген құжаттар да жалған болып шыққан. Анықталғандай малдың 90% бұрыннан бар екендігі дәлелденген. Енді ауыл тұрғындарына 50-ден астам дайын типтік бизнес жоба дайындалып, ұсынылмақ. Оның ішінде кластерлік жылыжайлар, биогумус өндіру, ауылшаруашылығы дрондары арқылы қызмет көрсету, ТЖО, көлік жуу орындары, шағын өндіріс цехтары сынды  мекендерде шағын кәсіптер бар.

  • Кең дала бағдарламасымен жыл сайын обылысқа 1 млрд теңге бөлінетін, биыл 2,5 млрд теңге алып келдік. Оның 1 млрд республикаға қайта қайтардық. Әр шаруаға «алыңыздар, мұндай 5 пайызбен төмен несие берілмейді» деп жүріп алдырдық. Соның өзінде артылып қалды, – дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек   

Биыл облыс бойынша «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында 30  млрд. теңгеден астам сомаға 1 130 жоба қаржыландырылған. Әлі де шағын және орта кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайынбыз деген Әбілқайыр Тамабек салада ашық көмектесетін маман көбін жеткізіп, шаруаларды тәуекел етуге шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *