МЕКТЕПТЕР «STARLINK» ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ
Биыл облыстағы 445 мектеп интернет желісімен қамтылмақ. Бұл үшін 636 млн тг ге жуық қаражатқа келісімшарт жасалған. Өткен жылы интернет жылдамдығы жоғары мектептер саны 423 құрасы, биыл 433ГЕ артып отыр. Сонымен қатар 53 мектеп «Starlink» желісіне қосылмақ. Жаңа жүйе облыстың 8 ауданында орналасқан интернет желісі нашар аумақтағы мектептерде іске аспақ.
Былтыр 446 мектептің 281-і 20 мбит/с-тан жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілген. Ал биыл облыс аумағындағы 12 мектеП 20 мбит/с дейінгі, ал 433 мектебі 20-150 мбит/с жылдамдықта қосылған. Интернет жылдамдығы төмен 12 мектептің жылдамдығын көтеру үшін облыс әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасымен бірлесіп техникалық мүмкіндіктеп қарастырылырып жатыр дейді жауаптылар.
- Ол әрине төмен нашар момбильді интернет байланысы деп санаймыз. Бірақ қазіргі кезеңде сіздер білесіздер, бізде қолжетімді интернет атты ұлттық жоба іске асырылып жатыр. Осы цифрлық даму министірлігімен осы жергілікті жерлерді цифрландыру басқармаларымен жұмылып осы ұлттық жобаны іске асыру жұмыстарын атқарып жатыр, дейді облыстық жобалық басқару және цифрландыру орталығының директоры Гүлпара Тәшенова
Сонымен қоса биыл облыстағы 53 білім мекемесі «Starlink» желісіне қосылды. Арнайы құрылығы жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамассыз етеді. Бүгінгі күні аталған мектептердің барлығына құрылғылар орнатылып, интернет жылдамдығы 150 мбит/с жылдамдықпен қамтамасыз етілген.
- Бүгінгі күнде «Starlink» құрылғылары барлық мектептерге орнатылды. Жаңа оқу жылына дайын. Мектептегі барлық локальный желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Айта кететін болсақ бұл елді мекендерге оптикалық желі жүргізетін болсақ, ол құрылғылар интернет жылдамдығы төмен мектептердегі ауыстырылатын болады, – дейді ЖО білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығының директоры Сағадат Бесінбаев
Айта кетейік, мектептерге жеткізілген интернетті кабинеттерге, яғни мүғалімдердің жұмыс орнын интернетпен қамтамасыз ету мақсатында «Транстелеком» АҚ-ы екі ай көлемінде жергілікті желілерді қалыпқа келтіру бойынша тегін зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 1 млрд 412 млн теңгенің қажеттігін анықтап берді.