ҚЫСҚА ДАЙЫНБЫЗ БА?
Бүгінде 126 мың тонна көмір жеткізілді. Жылыту маусымына дайындық бойынша ауқымды және жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы алдағы келе жатқан қыс маусымына дайынбыз ба? Көмір бағасы қанша деп тұр?
Руслан МҰЗДЫБЕКОВ ЖО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әлеуметтік нысандардың автономды қазандық саны – 565.Жалпы, аталған жылу көздерімен 1 650 көпқабатты тұрғын үй, 782 білім, 388 денсаулық сақтау, 467 мәдениет, 81 спорт нысандары жылумен тұрақты қамтамасыз етілуде.Барлық отын-энергетика кешендерінің диспетчерлік қызметтері тәулік бойы жұмыс атқаруда. Температуралық кестенің сақталуы тұрақты бақылауда.
Жауаптылардың айтуынша өңірде көмір тапшылығы жоқ. Тұрғындар осы бастан жылу отынын сатып алса дейді. Ал бағасына тоқталсақ, 14 – 17 мың теңгені құрайды. Жалпы көмір сатумен аймақта 35 нарық субъектісі жұмыс жасайды. Жергілікті маңызы бар жолдарды 2022 жылғы қараша-желтоқсан айларында қысқы күтіп ұстауға 189,0 млн.теңге бөлінген. Бұл жұмыстарға 23 мердігерлік ұйымдар тарту жоспарланған. Бүгінгі таңда, анықталған мердігерлермен 186 бірлік жол техникалары мен жабдықтар, 7 010 тн. Құм, 890 тн. Тұз дайындалған.
Дәурен ТӨЛТАЕВ «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ АҚ ЖОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қысқы мезгілге жүргізушілерді хабардар ету үшін 775 дана уақытша жол белгілері орнатылды. Жол бойында 11 ақпараттық электронды-табло үнемі жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 93,5 млн.теңге қаржы қарастырылған.