BASTY BETQOǴAMАймақ

ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Сеңкібай ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері төрт түлігін жаятын жайылым таппай қиналып келген. Өйткені, жан-жақтағы құнарлы алқаптардың барлығы жеке шаруа қожалықтарының иелігінде кеткен. Жылдар бойы қордаланған мәселе енді оң шешімін тауып отыр.

Мырзатай ауылдық округіне қарасты Сеңкібай ауылында егістік жерлердің көптігінен мал жаятын жер болмаған. Жыр болған жайылым мәселесі қос жақтың бірнеше кездесуінен кейін шешімін тауып отыр. Жеке кәсіпкерлердің бірі 77 га жерін халық пайдалануына келісімін берген. Алайда, жер толықтай мемлекет меншігіне өтпеген.

Асхат ОСПАНАЛИЕВ МЫРЗАТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
-Бүгін енді меморандумға қол қойылды,3 жылға.3 жылдан кейін тағы да ары қарай созамыз. Енді болашақта ол кісілерде басқа тыс жерден жер қарастырамыз. Жер қатынастар бөлімі кеше өз уәдесін берді. Жер табылып жатқан болса, мына жерді халыққа қайтаратын болды, уәдесін алдық. Хаттама алдық жиналыстан. Енді қазір үш жылға дейін Сеңкібай ауылының тұрғындары сол жерге малдарын жаяды.
Айта кету керек, Мырзатай ауылдық округіне қарасты егістік жерлер шамамен 3400 га құрайды. Ал жайылым жер 600 га дан астам. Алайда, оның басым бөлігі көршілес ауылдарға тиесілі. Әрі каналдар маңы болған соң мал жаюға қолайсыз. Төрт түлігін бір шақырым да ұзата алмаған тұрғындар қордаланған мәселенің шешімін тапқанына қуанышты.

Шыңғыс БАЙДІЛДАЕВ СЕҢКІБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
– Меморандум бойынша біздің тілегіміз орындалды. Енді бұл жерде тек ол мәселе ғана емес,ауылымыздағы асфальт бірнеше жерінен кесілген еді, жаңағындай су жайылымдардағы колодец солардың барлығы осы Аманат партиясының төрайымы келіп,су шарушылығынан, басшыларды тағы басқаларын жинап, ақырындап мәселелеріміз шешімін тауып жатыр.
Мамандар жылдар бойы жылыстап кеткен жер телімдерінің бәрін мемлекет меншігіне қайтару оңай шаруа емес дейді. Себебі, жер иелері тарапынан жиі қарсылық туындайтын көрінеді. Ауылдар арасының тығыз орналасуы мен егістік алқаптарының көптігі де кедергі келтіреді дейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *