BASTY BETBİLİMJAŃALYQTARЕл

БАЛАҢЫЗ МЕКТЕПКЕ БАРУҒА ДАЙЫН БА?

Баланы қай жастан бастап мектепке берген дұрыс? Бұл көп ата-ананы алаңдатқан сұрақ. Мәселен, кейбірі бүлдіршінді 6, енді бірі 7 жасында партаға отырғызады. Балақай әріп таныған күннен бастап-ақ білім алуға дайын деп ойлайтын азаматтар да бар, – деп хабарлайды  «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Бастауыш сынып мұғалімі Гүлсім Құрақбаева биыл жаңадан 1 сыныпқа оқушылар қабылдайды. Білім беру саласында 12 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз мектепке ерте барған балақай көптеген кедергілерге тап болады дейді. Өйткені, ойын баласының сабаққа құлшынысының ащылуы екіталай. Салдарынан бүлдіршіннің сабақ үлгерімі де нашар болады деп отыр.

  • Ата-ана өзінің баласының қабілетіне қарай айқындайды. Біз өз тарапымыздан оларға кеңестерімізді береміз. Ең алдымен ата-аналарға айтатын кеңесіміз: баланы қорқытуға болмайды  мектеппен, мұғаліммен. Енді сен ойнамайсын, ойыныңды доғар, сен мектепке барасын деп көп ата-аналар баланы қорқытады. Баланы қорқытпай, өмірінде өзгеріс болатынын, мектепке барып көп нәрсені білетінін, одан да қызық болатынын айтып баланы дайындау керек, – дейді бастауыш сынып мұғалімі Гүлсім Құрақбаева      

Заң бойынша бала 6 жасқа толғанша мектепге дейінгі мекемеде тәрбиеленеді. Кейін мектепке баруы тиіс. Осы орайда халықтың пікіріне құлақ түріп көрдік.

Ата-анадардың көбі жеткіншек мектеп құралдарына қызыға бастаса, оқуға дайын деп ойлайды. Десе де көбі бүлдіршіннің ақыл-ой өрісін ескермейді. Бәрін білсе де, психологиялық тұрғыда дайын болмауы мүмкін дейді, психологтар. Мамандардың сөзінше, жеткіншек жеті жаста мектеп табалдырығын аттауы тиіс.

  • Бәрі гаджет қой қазіргі кезде. Телефон арқылы бәрін біліп алады. Соған қарайды да, менің балам мектепке дайын деп ойлайды. Иә, ол дайын болуы мүмкін, мектепке барғанда басында алып кетуі мүмкін. Бірақ ол келе келе құлдыра бастайды. Өйткені шаршайды. Баланың миының күші күшті емес қой, әлсіз ғой әлі. Енді дамып жатқан бала. Сондықтан қазірден бастап нагрузка салудан қажеті жоқ. 7 жас – ең дұрыс жас деп есептеймін, – дейді психолог Айгүл Тұрсынбаева      

Айта кетейік, заң бойынша 7 жастан бала мектепке қабылданбайды деген нақты шектеу жоқ. Сондықтан, бұл іс тек ата-ананың жауапкершілігінде қала бермек. Жалпы биыл өңірде шамамен 28000 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Әзірге 1 сыныпқа 6 мыңға жуық бала қабылданған. Құжаттарды 31 тамызға дейін жолауға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *