AGROBASTY BETJAŃALYQTARАймақ

КҮЗГІ ЖИЫН-ТЕРІМ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

 Биыл өңірде күзгі жиын-терім берекелі. Қазіргі таңда масақты дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталып, 600 мың тонна  жуық өнім жиналған. Ал көкөніс, майлы дақылдар мен қант қызылшасын жинау жұмыстары әлі де жүріп жатыр, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысында 360  мың гектар алқапқа арпа мен бидай егілген. Қазір Жинау науқаны толық аяқталып, 586мың тонна өнім алынған. Ал 11 200 гектарға егілген қант қызылшасы рекорттық көрсеткішке жетпек. Қазірдің өзінде дихандар 87 мың тоннаға жуық өнім жинаған.  Жалпы өңір бойынша 600мың тоннадан астам өнім алу көзделген.

  • Қант қызылшасы бойыншада бағанағыдай жоғаы өнім алу күтілуде. Соңғы 3 жылдағы статистикалық деректерге сәйкес бізде 330 центнерден орташа өнімділік облыс бойынша құраған. Қазіргі кезде бізде жинау науқанында 700 центнерге дейін барып жатыр, – дейді ЖО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әбдірасыл Желеубаев.

Қант қызылшасына деген сұраныстың жыл өткен сайын артуына байланысты ауданда оның көлемін көбейту де өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.  Мұны жете түсінген шаруалар қызылша көлемін көбейте бастады.  Биылғы жылы облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуы бойынша қант қызылшасы өнімінің тоннасына сатып алу бағасы 30 мың теңгеден айналмақ. Оның 15 мыңын өткізілген өнімі үшін қант зауыттары төлесе, қалған 15 мың теңгесі субсидия арқылы төленбек. Міне бұл да шаруаларға көп көмек болғалы тұр. Ал жиналған ауыл шаруашылығы өнімдері 113 қоймада сақталады. 324мың тонна  өнімге арналған сақтау орында қазір 12мың тоннаға жуық көкөніс бар. Олардың қатарында 5 тонна пияз, 100 тонна сәбіз, 800 тонна тауықеті мен 30мың тонна сүт өнімдері бар. 

  • Қазіргі таңда бізде 1,5 мың тонна пиязымыз сақталған осы биылдан.  150 соннадан картоппен сәбізіміз бар. Жалпы азық түліктің тізімі бар. Сонымен қатарда мына жерде Азық түлік қауіпсіздігі болғанан кейін ет те кіредіго мына жерде тауық еті бар. Тауық етінің 700 тоннадай сақталған, – дейді Тараз көтерме тарату орталығының атқарушы директоры Саматқали Үрпеков. 

 Айта кетейік, биыл ауыл шаруашылығына 46,2 млдр тг қаржы бөлінген. Оның   18,3 млрд теңгесі  игеріліпті. 11 мыңнан астам шаруашылық субсидия берілген. Жиын терім жұмыстарына 10 мыңнан астам техника жұмылдырылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *