ТАМЫЗ КЕҢЕСІ
Таразда тамыз кеңесі өтті. Бүгінде облысымызда 11 білім бөлімі, 1239 мекеме жұмыс істейді. Білім берудегі цифрлық иновациялар тақырыбында өткен жиында облыстық білім беру саласынының қарқыны айтылды.Биыл білім беру саласына бөлінген қаражатта аз емес, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
Дарынды оқушыларымыз биылғы жылы халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 467 медальді қанжығаға байлаған. Оның ішінде 57 медальді – Халықаралық білім жарыстарында алынған. Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы 15-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанған. Бала қауіпсіздігі де бүгінгі кеңесте тыс қалмады. Облыстық білім басқармасының басшысы бала қауіпсіздігі бойынша алдағы уақытта жасалатын жұмыстарды жеткізді.
- Облыс аумағында барлық мектеп интернаттарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 974 бейнекамера қажеттілігі анықталды. Қазіргі таңда кезең кезеңімен орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, – дейді ЖО білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов
Ал, облыс әкім білім беруді цифрландыру – сапалы білім берудің тетігі екендігін баса айтып, өңірде мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылғандығына назар аудартты. Одан бөлек білім саласына да бөлінген қаражат мөлшерін айтты.
- Қазірде өңірдің білім саласына айрықша назар аударылып келеді.Биыл білім саласына 319,2 млрд. теңге бөлінді. Бұл облыс бюджетінің 50 пайызынан асады. Саладағы инфрақұрылымның да маңызы жоғары.Алдағы жылы 41 білім нысаның құрылысын жүргізуге қаржы қарастырылды.Жыл соңына дейін 15 мектеп пен 4 мектептің жапсарлас құрылы аяқталады, дейді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев
Сонымен қатар, кеңес барысында бірқатар сала қызметкерлері білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін марапаттарға ие болды.
Айта кетейік Ербол Шырақпайұлы білім басқармасына мектептердегі компьютерлерді жаңартып, істен шыққан техникаларды есептен шығаруды, Тараз қаласы мен аудан орталығында орналасқан білім беру ұяларына бірегей ID карта аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізуді тапсырды.