JAŃALYQTAR

ҚАЗАҚСТАН – БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗ ЖӘНЕ ТАҒДЫРЫМЫЗ

Ел аумағына  ұйғыр ұлтының қоныс аударғанына биыл 60 жыл толды. Жергілікті халықтан қиын тұста қайырым көріп, осы жерде тұрақтап, ел ішінде көп болған бұл халықтың қазақстандықтарға айтар алғысы шексіз. Бүгін жамбылдағы Махмуд Қашқари атындағы «Ұйғыр» этномәдени орталығы бас қосып, үлкен мереке өткізді. Өткен тарихқа тоқталып, дәстүрі мен мәдениетін паш етті.

Ұйғыр этномәдени орталығының бүгінгі жиыны  «Қазақстан – біздің өміріміз және  тағдырымыз» деп аталды. Үлкен іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Парламент депутаттары, ғалымдар мен тарихшылар келді. Көпшілік таризқа тоқталып, елдегі бірлікті, ынтымақты дәріптеді.

Зәкіржан КҮЗИЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Қазақстан аумағына ұйғыр этносы 1962 жылдары Қытай залық республикасынан қоныс аударған. Көш басын бастаған халықтың басым бөлігі Алматы және Әулиеата өңіріне орналасқан. Өткен тарих, жасалған жақсылық. Барлығы арнайы деректі фильмде көрініс тапты.

Осынау уақытта олар халықпен біте қайнасып, елдің түрлі саласында еңбек етуде. Махмуд Қашқари атындағы ұйғыр этноәмедени орталығына бүгінде бас қосқан ұйғырлар ата-дәстүрімен қатар, ел дамуына да үлес қосып, елдік істердің басы-қасында жүр. Бүгін солардың бірқатары марапатқа ие болды.

Жалил АББАСОВ ЖО ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНБАСАРЫ

Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Татулық өлеңмен өріліп, бірлік бимен айшықталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *