ЖАМБЫЛДА ӨҢІРЛІК ӨНІМ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДА 1,0 ТРЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 110,6% деңгейінде қалыптасты.
Ауыл шаруашылығында 562,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді343,6 млрд. теңге инвестиция тартылыпты. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек айтты.
Орынбасардың айтуынша уыл шаруашылығына 32,0 млрд. теңге бөлінді. Дақылдар 756,2 мың гектарға орналастырылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,4 мың гектарға артық.
371,1 мың га масақты дәнді дақылдар орылып, жалпы түсім 633,4 мың тоннаны құрапты. Сонымен қатар, 1576,0 мың тонна көкөніс дақылдары, 290,2 мың тонна картоп өнімі жиналды. 1,1 тн астам пияз алынды.
ҚАНАТБЕК МӘДІБЕК ЖО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мал саны артты. Ет өндірісі ұлғайды. 1,7 мың тонна ет экспортталды. 2022 жылы құны 17,9 млрд. теңгені құрайтын
14 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 281 жұмыс орнын құру көзделуде.
Осы салаға 14,8 млрд. теңгеге 10 инвестициялық жоба іске қосылып, 179 адам жұмыспен қамтылды.2023 жылы 99,5 млрд. теңгеге 10 жоба, 733 жұмыс орнын құру. 2024 жылы 203,6 млрд. теңгеге 6 жоба, 1661 жұмыс орны. 2025 жылы 2,2 млрд. теңгеге 2 жоба, 58 жұмыс орны.
Сонымен қатар, 5,5 мың гектар қант қызылшасы егіліп оның 4,5 мың гектарынан 187,2 мың тонна қант қызылшасы жиналыпты. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулардың нәтижесінде алдағы жылы қант қызылшасы алқабын 10 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда,- дейді.
ҚАНАТБЕК МӘДІБЕК ЖО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Облыстың суармалы жерлерінің көлемі 179,2 мың гектарды құрайды. Оның 55,2 мың гектары тиісті нормативтерге сәйкес сумен қамтамасыз етілсе, 47 мың гектар алқап 30-40 пайыз деңгейде қамтылған. 2022-2024 жылдары 306 су нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 55,0 мың гектар алқапты айналымға қосу көзделген.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» деген атпен таратылып отырған оң тәжірибе бойынша 2025 жылға дейін барлық ауыл тұрғындарын қамти отырып, пилоттық жобаны одан әрі жалғасуда. Ол үшін 75,5 млрд. теңге бөлу қажет етіледі. 32 әлеуметтік павильон қызмет көрсетуде. 532 жәрмеңке өткізілді. 17,0 мың тонна арзандатылған ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды. Жыл басынан «Азық-түлік келісім шарт корпорациясынан» 15590 тонна бидай алыныпты. Одан 10913 тн 1-ші сұрыпты ұн өндірілген. Бүгінде тұрақтандыру қорында 1700 тн ұн бар. Қосымша 1300 тн ұнға келісім-шарт жасалды. Уайымдауға негіз жоқ деп сендірді. Сауда желілеріндегі қанттың орташа бағасы 490 теңге және әлеуметтік дүкендерде 485 теңге.