AGROBASTY BETJAŃALYQTARАймақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ МЕРКІДЕ

Биыл ауа-райының қолайлы болуына байланысты, өңірдегі жиналатын ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім күтілуде. Енді шаруалардың алдында сол өнімді шашпай-төкпей, уақтылы жинап алу міндеті тұр. Осыған орай, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Жамбыл облысында жұмыс сапарымен болып, өңірдегі шаруалармен кездесті-, деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Өз кезегінде шаруалар министрден егісжұмыстарын жеңілдетілген несиелеуге қосымшақаражат бөлу жайында сұрады. Айдарбек Сапаров қазіргі уақытта қаржыландыру көздерін пысықтаужүргізіліп жатқанын түсіндірді. Сондай-ақ, облысфермерлері ауыл шаруашылығы техникасын сатыпалу кезінде “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-да АШТӨ-ге тікелей несие беру мүмкіндігінқарастыруды ұсынды. Бұған: “Қазіргі уақытта қаржы институттары үшін сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялаудың негізгі тәсілдері әзірленді, олар Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қарауына жіберілді. Бұл мәселе субсидиялау процесіне мүдделі қатысушылардың ұстанымдарын ескере отырып, одан әрі талқыланатын болады” – деп жауап берді министр.

Аймақтағы егін жинау науқанын назарға алған министр аймақтағы аграрлық әлеуеті жоғары аудандардың бірі Меркіге барып, шаруалардың жай-күйімен танысты. Меркілік шаруалар биыл қант қызылшасын өндіруге аса мән беріп отыр. Министр тоқтаған «Трансфер» шаруа қожалығы былтыр 160 гектарға тәтті түбір егіп, 12 мың тонна өнімді өңдеуге өткізген. Ал биыл 150 гектарға қызылша еккен, алайда өнім көлемі былтырғыдан да жоғары болады деп күтілуде екен.

Айдарбек Сейпілұлы аталған шаруашылықтың қызылша алқабында бірнеше ауданның қызылшашылармен кездесті. Министр алдымен шаруаларды тыңдап, қызылша жинау, өнімді тасымалдау мен өткізу, субсидиялау мәселелерін талқылады. Аталған мәселелердің барлығы министрліктің тікелей бақылауында екенін жеткізіп, жергілікті атқарушы органдар тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін айтты. 

Ауыл шаруашылығы министрі Меркідегі қант зауытының да жұмысын назарға алды. Қант зауытындағы қызылша қабылдау пункті, оның сыйымдылығы және зауыттың техникалық дайындығы мен жаңғырту жұмыстарымен танысты. Кәсіпорын басшысына өнім қабылдау науқанына сақадай сай болуды және науқан кезінде зауыттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Өңірдегі іс-сапарын қорытындылаған министр Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасының маңыздылығын атап өтті. Айдарбек Сапаров аймақтар Ауыл шаруашылығы министрлігінен егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша нұсқауларалғанын еске салды. Сала үшін монокультурадан алшақтау, ауыспалы егісті сақтау және ылғалды көп қажет ететін дақылдар өндірісін қысқарту қазіргі уақыт талабы. Сонымен қатар басым маржиналдық дақылдар өндірісін ұлғайту қажет.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *