AGROBASTY BETJAŃALYQTAR

ДИҚАНДАР ЕГІС ДАЛАСЫНДА

Шулық диқандар алқап басында қызу еңбек етіп жатыр. Арпа оруға  кіріскен шаруалар биыл ауа-райы қолайлы болып, егін бітік шықты деп отыр. Қазір гектарына 25-30 центнерден өнім алуда.  Кооператив құрамына кірген азаматтардың жалпы жұмысы қалай жүріп жатыр? Сюжет көріңіз.

Шу ауданында бірнеше жыл бұрын «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Шу-2021» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылған. Алғашында ауыл сыртындағы халыққа тиесілі 300 гектар жерді иеленсе, кейін 200 гектар жерді жалға алып тіршіліктерін бастаған. 2,5 пайызбен несие алып, жаздық арпаның “Арна” супер элита тұқымын егістікке сепкен.  Ал биыл алғашқылардың бірі болып, шабындыққа шалғы салған.

  • Күніне 30-40 гектардай шөп шабамыз. Бұл шаруа қожалықта 300 гектарға жуық шабындық жер бар. Мұнда егін өте жақсы осындай көлемді арпаны бірінші рет көріп тұрмыз. Шығын жоқ, – дейді комбайнер Александр Верховых  

Заманауи комбайнды тәжірибелі мамандар тізгіндеп, білек сыбана жұмысқа кіріскен. Кооператив ауыл шаруашылық техникаларына 100 млн теңге қаражат жұмсапты.      Жаңа жол ауылдық округіндегі 4 шаруа қожалықтың басын қосқан  кооперативте қазір 20 жұмысшы бар. Ал науқан кезінде 50-ге дейін ауыл тұрғыны жұмысқа тартылады.

  • Менде қазір ауылдан жұмыс істеп жатқан 5 жүк көлігі бар. Комбайыншы 2 сменмен жұмыс істейді. Мен ЭСПК құғаныма өкінбеймін. Өзіміздің нақты еңбегіміздің арқасында, өзіміздің алған 2 тракторымызбен айдадық ектік міне шауып жатырмыз, – дейді «Шу-2021» ауыл шаруашылық ӨК төрағасы Жапарқұл Тәжиев

Шу ауданында егістік жерлерді пайдалану көрсеткіші 75 пайызға жеткен. Бүгінгі күні ауданда 139 451 гектар егістік жер бар. Оның ішінде 28 мыңнан астамы  суармалы болса, 112 мыңға жуық алқап тәлімді егістікке арналған.  Биыл 74 мың гектардан астам жерге ауылшарушылық дақылдар орналастырылып, 30 мың гектар жерге сүр айдалынған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *