BASTY BETBİLİMJAŃALYQTAR

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА 210 ГРАНТ БӨЛІНДІ

Егерде ҰБТ-дан 50 бал жинасаңыз грантқа түсе аласыз. Құрметті жас түлек. Бұл жаңалық арнайы сіз үшін. Биыл Дулати атындағы тараз өңірлік университетіне Су шарушылығы бағыты бойынша атаулы 210 грант бөлінді.Егерде сіз физика –математика бағытын таңдасаңыз Дулати университеті сізді күтеді, деп хабарлайды  «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Су шарушылығы – ескерусіз қалған мамандықтардың бірі еді. Алайда соңығы жылдары елімізде орын алған табиғи жағдайлар, бұл саланың маңыздылығын айқындап бергендей. Бірден салалық министрлік құрылды, жұмыс біртіндеп жүйелене бастады. Соның бір мысалы Тараз қаласында су саласы бойынша мамандандырылған жоғары оқу орнын құру бастамасы.

  • Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасымен тараз қаласында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және иригация университеті ашылғалы жатыр. сол жұмыстар бойынша, сол бағыт бойынша көптеген мамандық ашылайын деп жатыр. Бұл жаңа мамандардың біліктілігі терең, білімі жоғары, су мәселесіндег барлық мәселені шешуге дайын мамандар болады деп сенемін, дейді су ресурстары кафедрасының PHD докторы Шамалхан Минарбеков

Айтпақшы, бұл саладағы мамандықтарға Дулати университетіне атаулы 210 грант бөлінді. Физика-Математика бағыты бойынша ҰБТ дан 50 бал жинасаңыз «Су ресурстары» кафедрасына грантқа түсе аласыз. 

  • Менің болашақта таңдап отырған мамандығым Су ресурстары. Нақтысы елдімекенде суды өңдеу және бұру. Бұл мамандықтың ерекшелігі біздің күнделікті өмірде пайдаланып жүрген ауыз суымыз, техникаға арналған суды бөлу және өңдеу болып табылады. Қазіргі таңда Дулати университеті жоғарғы рейтингтерден көрініп жүр. Одан бөлек биыл мен таңдаға мамандық бойынша 210 грант бөлініпті. Сондықтан мен осы университетті таңдадым, дейді жас түлек Назым Қадырбек

Су шарушылығы маманы – заман талабы. Оқу орнын тәмәмдаған соң жас мамандарды жұмыспен қамту да көзделген.  Ал, қазіргі таңда оқу орнында құжат қабылдау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жас түлек өз мүмкіндігіңді жіберіп алма!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *