JAŃALYQTAR

«ӘЙЕЛДЕР САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ» МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Бүгінен бастап Жамбыл облысында алғаш рет «Әйелдердің саяси көшбасшылық» мектебі ашылды. Жоба «Қазақстан Әйелдер күші альянсының» қолдауымен елдің барлық өңірінде өткізілмек. Басты мақсат – елдегі нәзік жандылардың  барлық салада білімін нығайту болып табылады.

Бүгінгі таңда Республика көлемінде әйелдердің өзін дамытуы үшін бірнеше тың жобалар қолға алынған. Яғни, тек білім мен медицинада ғана емес, сонымен қатар, ел саясатына ықпалын тигізер мамандар даярлайды. Қазақстанның іскер әйелдері қолға алып отырған жобаның ерекшелігі де осы. Жобаның алғашқы кезеңі 4 күнге созылады. Ал, келесі кезең ерте көктемде болмақ.

Амина ҚАЙНАЗАРОВА   ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР КҮШІ АЛЬЯНСЫНЫҢ ЖО ТӨРАЙЫМЫ

Менің ойымша, алдымызда келе жатырған мәслихат сайлауында бұл жоба өз жемісін береді. Нақтысы, бізде білім алып отырған қыз-келіншектер дайын маман ретінде барады. Меніңше, бұл жергілікті билік өкілдеріне үлкен көмек.///  

Семинарға нәзік жандылардың саяси білімін нығайту үшін елге белгілі спикерлер шақырылған. Жиын барысында мамандар «Әйел көшбасшылардың феномені» тақырыбында сөз қозғалды. Оған қатысқан әрбір нәзік жанды өзін таныстырып, қызметі мен елге тигізіп жүрген пайдасы жайында айтып өтті. Сосын, спикер әйел адамға білім мен ғылымның қаншалықты маңызды екенін атап өтті.  

Айнұр ЖЕКСЕНБИНОВА «ӘЙЕЛДЕР САЯСИ КӨШБАСШЫ» МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Альянс ЖО іскер әйелдер қауымдастығы негізінде құрылған ұйым болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік емес ұйым. Негізі құрамда ЖО бойынша 150-ге жуық көшбасшысы, кәсіпкер әйелдер бар. Жобадан әйелдер қауымы қодау алып жатыр. ////

Қазіргі таңда нәзікжандылар шағын бизнестен бастап мемлекеттік басқару жұмыстарында да белсенділік танытуда. Семинарға қатысушылар  өз замандастарына өмір жолы мен көшбасшылық қасиетімен үлгі боларлық әрбір қыз-келіншек бұл мектептің мүшесі болуға әбден лайық, деп атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *