BASTY BETBİLİMJAŃALYQTAR

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Биыл облыста білім саласына 280 млрдтан аса қаражат бөлінген. Бұл туралы аймақ басшысы тамыз кеңесі аясында өткен жиында айтты. Жиынға білім беру саласынның қызметкерлер қатысты.

Жиынға ҚР Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Тұрғанбайқызы да қатысты. Ол өз сөзінде 3 ауысымды мектеп мәселесін шешу үшін биыл жалпы 132 000 орындық 154 мектеп салынатындығын айтты. Сонымен қатар 2023-2024 жылдарға арналған сала мамандары алдындағы міндеттермен таныстырды.

– Сонымен бірге педагогика және оқу әдістемесі бойынша тестілеу болмайтынын сіздердің назарларыңызға саламын. Мұғалімдер тек өзі сабак беретін пәні бойынша ғана тестті тапсыратын болады,-деді Майра Мелдебекова, ҚР білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары

Жиын соңында педагогтерге облыс әкімінің және оқу-ағарту министрлігінің марапаттары табысталды. «білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» рейтингісінің нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке ие болған білім мекемелерінің басшылары мен «орта білім беретін үздік ұйым» анықталды. Облыс бойынша Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы нөмірі 45 қазақ классикалық гимназиясы үздік деп танылып 48 млн теңгенің сертификаты табысталды.

Үздік білім саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі қалалық әкімдіктеде өтті. Шаһар басшысы балабақша және бірнеше мектеп ұстаздарына Құрмет грамотасын табыстады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *